Назарбаев: Қазақстан Конституциясының 23 бабына өзгеріс енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев: Қазақстан Конституциясының 23 бабына өзгеріс енгізіледі

Назарбаев: Қазақстан Конституциясының 23 бабына өзгеріс енгізіледі

«Біз үшін бір айқын мәселе – Қазақстанның негізгі саяси моделі сақталады. Президенттік республика болып қала береді. Сонымен бірге мемлекеттік басқару жүйесі дәуір талабына сай икемді болуы тиіс. Реформалардың нәтижесінде биліктің бір тармағы өкілеттігін толық иеленіп, дербес жұмыс істейді. Соған сәйкес әр тармағы жауапкершілікті де сезінуі тиіс. Өкілетті биліктің Үкімет пен атқарушы органдарға бақылауы күшейеді», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Қазақстан президентінің пайымынша, бұл мемлекеттің кәсібилігін арттырумен қатар Конституциядағы биліктің бірден бір бастауы халық деген қағиданы бекіте түседі.

«Ел болашағы үшін айрықша маңызды осы құжаттың тағдырын біз шешуіміз керек. Әрі қарай не істеуіміз керек екендігіне бүгін қорытынды жасап, қашан парламентке талқылауға түсеті?

  • 1 Наурыз 2017
  • 362
Фото - Caravan.kz

Қазақстан президентінің пайымынша, бұл мемлекеттің кәсібилігін арттырумен қатар Конституциядағы биліктің бірден бір бастауы халық деген қағиданы бекіте түседі.

«Ел болашағы үшін айрықша маңызды осы құжаттың тағдырын біз шешуіміз керек. Әрі қарай не істеуіміз керек екендігіне бүгін қорытынды жасап, қашан парламентке талқылауға түсетіндігін келісуіміз керек. Конституцияның 23 бабына өзгеріс енгізілетін болды, заңдарға 35 өзгеріс енгізіледі. Бұл жерде айта кететін негізгі мәселе осының барлығы президенттегі өкілеттіктерді басқа тармақтарға беру болып отыр. Өздеріңіз де білесіздер, басқа елдерде, керісінше, президенттің өкілеттігін жоғарылату үшін референдумдар өткізіп, конституциялық өзгерістер енгізіп жатыр. Бізде, керісінше. Себебі 25 жылдың ішінде президенттік басқару жүйесі өзінің алдына қойған халық алдындағы мақсатын орындады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Таяу күндері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев конституциялық реформа аясына қоғамның қызу талқысына түскен 26-бапқа қатысты нақты шешім қабылдайды. Бұл туралы бүгін билік тармақтары арасындағы өкілеттікті қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қазақ гуманитарлық заң университеті Азаматтық-құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры Төлеш Қаудыров мәлім етті.


«Бір айға созылған конституциялық реформаларды талқылау процесі бүгін аяқталды. Жобаны бастан-аяқ қайта қарап шықтық. Комиссия мүшелері бірауыздан жобаның 99 пайызын қабылдады деп айтуға болады. Атышулы 26-бапқа байланысты соңғы шешім қабылданған жоқ. Оған қатысты Президентіміздің шешімі болады. Осыдан кейін құжат Парламентке енгізіледі»,- деді ол.

Оның атап өтуінше, ел азаматтарынан конституциялық реформаға байланысты 6 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен. Олар Конституцияның 98 бабының 63 бабына қатысты болды. «Ұсыныстар жан-жақты. Үкіметтің қызметінен бастап, құқық қорғау органдарының, соттардың жастарына қатысты да мәселелерге халық қызығушылық танытқан. Ел бойынша әртүрлі деңгейдегі 200-ден астам отырыс өтті. Жалпы, 2 мың адам түсіндіру жұмыстарына атсалысты. Констиуциялық реформа қоғам тарапының зор қызығушылық туындатты деп айтуға болады», – деді Қаудыров.

Сонымен қатар ол БАҚ өкілдерінің 26-бапқа қатысты нақты шешім қашан қабылданады деген сауалына да жауап берді. «Президент бүгін не ертең 26-бапқа қатысты өз шешімін шығарады. Елбасының пайымынша, бірінші кезекте халықтың пікірін, көзқарасын ескеру қажет. Конституция 100 пайыздық келісімнің нәтижесі болуы тиіс. Меніңше, бүкіл халықтың ризашылығын тудыратын шешім қабылданады»,- деді институт директоры.

Соңғы жаңалықтар