Назарбаев: Қазақстанда саяси қуғын жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев: Қазақстанда саяси қуғын жоқ

Назарбаев: Қазақстанда саяси қуғын жоқ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысындағы АЛЖИР лагеріне барып, репрессияға ұшырағандардың туыстарымен кездесті, - деп хаб

  • 31 Мамыр 2017
  • 534
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысындағы АЛЖИР лагеріне барып, репрессияға ұшырағандардың туыстарымен кездесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елбасы АЛЖИР лагеріне 31 мамырда атап өтілетін Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні барды. "Қазақстан жайлы айтар болсақ, мұнда 103 мың адам ұсталып, 25 мыңы атылған. Қазақ интелегенциясының қаймақтары, республиканың басшылығы түгелдей атылды. Олар азап пен бейнеттен қаза тапты. Қазақстан жерінде салынған 11 концентрациялық лагерьде миллионнан аса адам жаза өтеді. Кеңес одағының түрлі өңірінен репрессияға ұшырады — Солтүстік Кавказдан, Кореядан, Балтық теңізі жағалауы елдерінен, Украинадан, Ресейден Қазақстанға жер айдалды. Осылайша біз көпұлтты мемлекет болдық, жер айдалғандардың барлығына да Қазақстан туған үйі болды, біз оларды құшақ жая қарсы алдық. Содан бері өзара түсіністікте бірлігі бар халық ретінде өмір сүріп келеміз", — деді Президент саяси қуғын-сүргін құрбандарының туыстарының алдында.

Нұрсұлтан Назарбаев қуғын-сүргін құрбандарының әйелдері көрген азапты еске алып, АЛЖИРде балалардың дүниеге келіп, тәрбиеленгенін атап өтті. Президенттің айтуынша, халық бүгінде қайталанбауы үшін өткен жылдардың сұмдығын естен шығармауы тиіс. "Бүгінде елестетудің өзі қиын, себебі біз басқа мемлекет құрдық — құқықтық мемлекет, азаматтардың құқығы мен бостандығы қорғалған. Қазақстанда саяси қуғындау жоқ, мұндай жағдай бойынша тұтқындар жоқ", — деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы бірде-бір революцияның адамзат пен мемлекетке жақсылық әкелмегенін айтты. "Солтүстік Африкада мемлекеттің жойылғанын, халықтың 10-20 жылға артта қалып қойғанын, бақытсыздық, терроризм, кісі өлтіру және бандитизм болғанын білеміз. Сондықтан бізге эволюциялық даму қажет, сонда ғана біз алға жылжимыз. Тарихымызды біле отырып, мұның қайталанбауы үшін тұжырымымызды жасауымыз қажет", — деді Мемлекет басшысы. АЛЖИР — (Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) — cонау 1937 жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті.



 

Соңғы жаңалықтар