Назарбаев су тасқынына байланысты тапсырма берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев су тасқынына байланысты тапсырма берді

Назарбаев су тасқынына байланысты тапсырма берді

Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

  • 19 Сәуiр 2017
  • 263
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Сыртқы істер министрі қылмыстық ахуал және жергілікті полиция қызметін одан әрі реформалау аясында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады, сондай-ақ түзету мекемелерінің жағдайы мен Ұлттық ұланның жұмысы туралы мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Қасымов су тасқынына байланысты ахуал және Астана мен республика облыстарында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі қылмыспен күресті күшейту және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.


Сондай-ақ, Елбасы су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірлердің жағдайы мен тіршілігін қалпына келтіру үшін кешенді іс-қимылдарды жүзеге асыруды тапсырды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
 

Соңғы жаңалықтар