деп хабарлады Қазақстан СІМ баспасөз қызметінен.
"Өз хатында президент Н.Назарбаев С.Демирелді мерейтойымен шын жүректен құттықтады.Елбасы оның тәуелсіздік жылдары қазақстандық-түрік ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады", делінген сейсенбіде таралған ақпаратта.
Кездесу барысында С.Демирель "досы және бауыры" ретінде санайтын Н.Назарбаевпен кездескен сәттерін жылы еске алып, Қазақстан президентіне , бүкіл қазақстандық халыққа үлкен алғысын білдірді, делінген онда.
С.Демирель –Түркияның танымал мемлекеттік қайраткері. Кезінде 1965 пен 1993 жылдар арасында бес рет (жалпы алғанда 12 жыл) елдің премьер-министрі болған, 1993- 2000 жылдары 7 жыл бойы Түркия президенті болған.