Назарбаев Үкіметке 1 ай ішінде Turkistan арнайы аймағын құруды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Үкіметке 1 ай ішінде Turkistan арнайы аймағын құруды тапсырды

Назарбаев Үкіметке 1 ай ішінде Turkistan арнайы аймағын құруды тапсырды

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы жарлыққа қол қойды.

  • 30 Қыркүйек 2018
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құрсын. Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін", — делінген құжатта.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы жарлыққа қол қойды.

Еске сала кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент және Түркістан қалаларына іссапармен барды. Ол Қазақстан Президенті «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін
 
аралап көрді.

Айта кетсек, бұған дейін Түркістан қаласының символына айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі туристер үшін ерекше тартымды нысандардың бүкіләлемдік тізіміне кіргенін хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар