Назарбаева Энергетика министрлігін сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаева Энергетика министрлігін сынға алды

Назарбаева Энергетика министрлігін сынға алды

Ал Үкімет өздерінше ақталуда. Дегенмен, тапшылықтың елдегі 3 зауыттың уақытша тоқтатылуында екенін жасырмайды.

  • 6 Қараша 2014
  • 256
Фото - Caravan.kz

Жөндеу жұмыстары болса тағы біразға созылатын түрі бар. Мәселен, Ресей банктері Павлодар мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуды қаржыландырудан соңғы сәтте бас тартқан. Сондықтан, шенеуніктер шұғыл түрде басқа шетелдік банктерден қарыз алуды қарастыруға кірісіп кетіпті. Айта кетейік, Қазақстан жанармайдың 12-30 пайызын Ресейден импорттап келеді. Енді Ресейден келетін импорт көлемін төмендету үшін келер жылдан бастап Қытайдан 200 мың тонна жоғарғы октанды бензин алмақшы. Бірақ бүгін Энергетика министрлігінің осы оптимизмге толы жоспары мәжілісмендерді сендіре алған жоқ.

Дариға Назарбаева, Мәжіліс төрағасының орынбасары:


-Елімізде көлік саны жылдап артып келеді.
Алайда, бензин сапасы оған сай емес. Еуро-3-іңіз не, тіпті Еуро-4, Еуро-5 туралы әзірге әңгіме қозғаудың өзі артық.  Кезінде жылына  18-19  миллион тонна мұнай өңдейтін 3 зауытымыз тіпті кейінгі жылдары 13-14 миллионға түсіп қалған. Бүгін Үкімет тарапынан да, «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы тарапынан да ешқандай тұщымды жауап ала алмадық. Елдегі бензин тапшылығын реттеуге Үкімет қауқарсыздық танытып отыр.