Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесі беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесі беріледі

Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесі беріледі

Бейсенбі, 30 мамырда, Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесі беріледі.

  • 28 Мамыр 2019
  • 29
Фото - Caravan.kz

Мұндай шешім парламент палатасы бюросы отырысының барысында қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен парламентс Бюросының отырысында «Құрметті сенатор туралы» ереже қаралды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасына «Құрметті сенатор» мәртебесінің берілуі Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы ретінде, Конституцияны, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, қоғамды топтастыруды қамтамасыз етудегі, ел дамуының стратегиялық бағытын айқындаған тарихи еңбегінің мойындалуының көрінісі болып табылады», — делінеді сенаттың баспасөз қызметінде.

Осында атап өтілгендей, Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесі Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде конституциялық-құқықтық негіздерін қалыптастыруға, сондай-ақ отандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқаны үшін беріледі. 

«Біздің қазіргі Конституциямыз да, сол Конституция бойынша жұмыс істеп жатқан қос палатаның қызметі де Елбасының үлкен бастамасының, авторлығының арқасында жүзеге асты. 1995 жылғы Конституциямыз посткеңестік елдер ішінде бірінші рет қос палаталы парламент жасақтауға мүмкіндік берді. Соның негізінде сенаттың алғашқы күнінен бүгінге дейінгі жұмысы Елбасының тікелей қамқорлығымен, басшылығымен жүзеге асып келе жатыр деп біз нық сеніммен айта аламыз. Елбасы мемлекет қалыптастырушы, тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы тұлға ғана емес, қос палаталы парламентаризмнің де негізін салған қайраткер. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл ұсынысын біз қолдаймыз және әбден орынды деп есептейміз», — дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед.


Палатадағылар Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін беру туралы шешім 30 мамырда өтетін пленарлық отырыста қабылданатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар