Назарбаевтың сайлаудағы жеңісі тәжік-қазақ ынтымақтастығын дамытуға ықпал етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаевтың сайлаудағы жеңісі тәжік-қазақ ынтымақтастығын дамытуға ықпал етеді

Назарбаевтың сайлаудағы жеңісі тәжік-қазақ ынтымақтастығын дамытуға ықпал етеді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қайтадан сайлануы халықтың оның ұстанған бағытын қолдайтындығын білдіреді және бұл Астана мен Душанбе арасындағы

  • 28 Сәуiр 2015
  • 1704
Фото - Caravan.kz


қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді деп санаймыз, деді Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.
Бұл туралы Э.Рахмонның Н.Назарбаевқа жіберілген құттықтау жеделхатында айтылған, оны баспасөз қызметі келтіріп отыр.
Ол қазақстандық әріптесіне мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт, бауырлас Қазақстанның әл-ауқатын арттыруда жаңа табыстар тіледі.
Н.Назарбаев Қазақстанға 1989 жылдың маусым айынан бері жетекшілік етуде, ол қазіргі заманда билік тізгінін ұзақ уақыт бойына ұстап отырған басшылар тізімінде тоғызыншы орында.
Қазақстан Тәжікстанның Ресейден кейінгі ірі сауда әріптесі. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 20,7% артты, 858,8 млн долларға дейін.