«Не әдет орысша қыстырып сөйлеу»: Атышулы Меруерт Түсіпбаева елден оңбай сөз естіді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Не әдет орысша қыстырып сөйлеу»: Атышулы Меруерт Түсіпбаева елден оңбай сөз естіді

«Не әдет орысша қыстырып сөйлеу»: Атышулы Меруерт Түсіпбаева елден оңбай сөз естіді

Танымал әнші, эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева желіде орыс тілі аралас жазба жазамын деп, елден оңбай сөз естіді.

  • 20 Қазан 2023
  • 201
Фото - Caravan.kz

Көпшілік одан мұндайды күтпегенін айтуда, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Меруерт Түсіпбаева бүгінде ұлымен бірге АҚШ-ты аралап жүр. Кезекті жазбасын ол орыс тілін араластырып жазған еді. Оқырмандарға әншінің бұл әрекеті жақпай қалған.

Олар: «Осы не әдет орысша шұбарлатып сөйлеу, орысша қоспасаң болмай ма? Өзіміздің әдеби қазақ тілімізде жазсаңызшы», «Әйтеуір орысшаны қыстырып сөйлеу керек», «Дұрыс айтасыз» деп жазды олар.

Соңғы жаңалықтар