"Не болғанын білмеймін": Шымкенттік экс-шенеунік жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Не болғанын білмеймін": Шымкенттік экс-шенеунік жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді

"Не болғанын білмеймін": Шымкенттік экс-шенеунік жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді

Шымкентте жас жігіт өзінің әріптесі зорлады деп айыптауда. Ол видео үндеу жариялап, барлық жайтты толығымен айтып берді.

  • 24 Сәуiр 2019
  • 239
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Видеоүндеуде жас жігіт өткен жылдың жазында әріптесі шабуыл жасап, зорлағаннан кейін барлығын телефонға түсіріп алғанын айтты.

"Мен энергетикалық сусын ішіп, есімнен танып қалдым. Әрі қарай не болғанын білмеймін. Келесі күні жағдайым нашарлап, ауруханадан бір шықтым. Зорлық туралы әлеуметтік желіге шығып кеткен видео арқылы білдім. Бұл жағдайды медициналық тексерістен бұрын білдім", — деп ағынан жарылды жігіт.

Бұл зорлыққа жігіт өз әріптесін кінәлайды, өйткені энергетикалық сусынды әріптесі берген көрінеді. Ол әріпесінің үстінен арыз жазып, оны сотқа берген. Ол өзінің әріптесін айыптағанымен, кінәлі болып экс-шенеунік әрі Шымкент мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы директоры болып шығыпты.

Экс-шенеунік қазір үй қамауында, бірақ ол бұл іске ешқандай қатысы жоқ екенін айтады. Оның айтуы бойынша, айыптау тек оның дауысына бола негізделіпті. 


Күдікке ілінген шенеунік айыптаушыға жақындағанда шыққан дауыс оған массаж жасап жатқан кездегі дыбыс деп түсіндірді. 

Шымкент қаласының сарапшылары видеодағы түпнұсқалық дыбысты табу мүмкін емес екенін айтады. Іс сотқа жіберілді.

Сот өкілдерінің айтуы бойынша, айыпталушы үш бап бойынша: Ер адамға зорлық жасап, онымен жыныстық қатынасқа түсу, жеке өмірдің құпиясын ашу және жемқорлық пен мемлекеттік мүлікті ұрлау айыбы тағылды.

Өткен жылы экс-шенеунік жемқорлық бойынша айыпталған болатын. 

Істі Әл-Фараби соты қарастыруда.

Соңғы жаңалықтар