«Не сұмдық мынау»: Көшенің қақ ортасын қоқыс гүлге толтырғандар жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Не сұмдық мынау»: Көшенің қақ ортасын қоқыс гүлге толтырғандар жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

«Не сұмдық мынау»: Көшенің қақ ортасын қоқыс гүлге толтырғандар жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Желіде 8 наурыз мейрамынан кейін көшенің бүтіндей бір бөлігіне солған гүлдер мен қоқыс тастағандар жұрттың ашуына тиді. Олар адамдардың осыншалықты мәдениетсіздігіне күйінді, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

  • 10 Наурыз 2023
  • 29
Фото - Caravan.kz

Instagram-дағы танымал парақшалардың бірінде пайда болған видеода ер адамның қаланы қоқысқа толтырғандарды сынап жатқан сәтін көруге болады.

«Ал гүл керек пе? Міне, гүл сіздерге! 8 наурыздан кейінгі қаланың дәл қазіргі жағдайы. Рысқұлов көшесі, мына беті, бәрі гүлге толып қалған. 8 наурыздың құдыреті», — дейді ол.

Желі қолданушылары да мұндай мәдениетсіздікке жол бергендерді қатаң жазалау керектігін айтқан.

«8-ші наурыздың құдіреті деп айтудын қажеті жоқ! Қандай мейрам болсын, мейрам болмасын, шошқа барлық жерде шошқа», «Арттарын жинап кетпегендерге айыппұл салу керек. Не сұмдық мынау», «Қашан мәдениетті болар екенбіз?» деп жазды олар.