Жарияланды: 2400

"Не жетпейді бұған?!" Күйеуімен қосып енесін боқтайтын келінге қайын әпкенің наласы

"Не жетпейді бұған?!" Күйеуімен қосып енесін боқтайтын келінге қайын әпкенің наласы Сурет - shuttertstock.com

Отбасы болған соң, ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды. Бірақ мына келін шектен шыққан екен. Күйеуімен қосып, енесін, қайын әпкесін сыбап тастау деген не сұмдық?!

Caravan.kz медиа-порталы әлеуметтік желілерде шын өмірден алынып жарияланған жазбаларды оқырман назарына ұсыну дәстүрін жалғастырады.  

Үлкен үмітпен кіші інімізді үйлендірдік. Анамызға қамқор болар келін келді деп қуандық. Бірақ ішінде пышақ айналмас біреу екен. Анама қамқор болмақ түгілі 3 күннен соң оған баж-бұж етіп: «шәйіңды өзің қойып іш, ұйқыдан оятпа мені!» деп тал түске дейін ұйықтайтын болды. Оған да көндік. Жұмыстан келсем, анам шәйнегін алып шай дайындап жүреді. Қыз болған соң, амал жоқ тілімді тістеп жүрдім. Бірақ үйдің берекесі, тыныштығы қашты. Кешкісін үйге кіргім келмейтін болды. Күйеуін боқтап-бұралап жатады. Інім момын, ез болды, қатынына қарап аузын аша алмады.

Ақыры шаршап кеттік. Күйеуін қойып, қит етсе анам екеумізді шешеден боқтайды. «Бұған бекер тидім» деп күн ұзаққа зар илеп жылайды. Сонда оған не жетпейтінін түсінбедік. Анам да əрі-бері ақылын айтты, мен де айттым. Жоқ, ештенеге көнбейді. Санасы болмаса қиын екен.

Ақыры бір айға жетер-жетпес анам үміт күткен кенже ұлын бөлек жіберді. Енді бақытты шығар десек, келін əлі сол інімнің күні-түні миын жеп жатады екен. Одан ұрысу, қырылысу басталады. Түсінбедік, сонда ол əйелге не керек? Өзі екіқабат. Інім сол үшін қимай жүр-ау. Басы салбырап, түрі көңілсіз болып кеткен. Енді мен не істесем болады? Бауырымның халі мені қатты алаңдатады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін