"Неге киімді көріп, кітап, универді байқамаған": Көйлекті ғана көрген көпшіліктің пікірі таң қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Неге киімді көріп, кітап, универді байқамаған": Көйлекті  ғана көрген  көпшіліктің пікірі таң қалдырды

"Неге киімді көріп, кітап, универді байқамаған": Көйлекті ғана көрген көпшіліктің пікірі таң қалдырды

Белгілі саясаттанушы Асхат Қасенғалиді желіге жүктеген суретке қатысты жазған елдің пікрі қайран қалдырды. 

  • 5 Мамыр 2021
  • 341
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Саясаттанушыны елдің әсіресе бұты ашық қыздарды ғана көргені таң қалдырды.

"Кеше бір пост салдым. Ауғанстанға қатысты. Оған "Ауғанстан. 60-жылдар, есі дұрыс кезең" деп жазып қойдым. Артынша комменттер қарша борады. Шамамен сипаты мынандай: "Бұты ашық қыздар жүр, қай жерінің есі дұрыс", "Ашық-шашық жүрудің несі дұрыс", "Ашық жүрген қыздарын киіндірген ауған еркектері мықты ғой", "Шайтанның ықпалындағы уақыты ғой", "Ислам дінін бұлай көрсетуге болмайды" және т.б.

Адамдардың логикасына таңданғаным рас. Постта Ислам дініне қатысты бір сөз жоқ, бірақ өз бетімен дінді жазып отыр. Демократиялық құқықтары ғой, жазса жаза берсін. Мені ойландырғаны бұлар неге кітап ұстап, университет оқыған қыздарды емес, Батыстық үлгіде киінген қыздарды ғана көрген? Неге кітап емес, юбка маңызды? Негізі посттың мәні Ауғанстанда сол уақытта білім мен ғылымның болғанын көрсету, оқу оқуға құқықтың теңдігін көрсету болатын. Оны көбісі көрмепті. Көбі көйлекті қарап отырыпты)

Ауғанстан отар ел. "Оны ешкім жаулап алмаған, батыр, анау-мынау" дегеннің бәрі бос сөз. Ол ғылымы мен білімі артта қалған, әлемде қағазды ең аз қолданатын, қырық жыл Калашников құшақтап отырған отардың отары. Шындық осы. Оны ешкім аямайды. Батыс әлемі де, Ресей, Қытай, Ислам елдері де. Түкіргені бар. Отарға ешкімнің ешқашан жаны ашымайды. Батыс геосаяси мүддесін қорғайды, Ресей талибтерге қаруын сатады, арабтар лаңкестік топтарды қаржыландырады. Біреуі де бейбіт ел болсын, дамысын демейді. Саясатта адамгершілік, мораль деген жоқ. Ол жекелеген адамдардың қиялы ғана.

Ауғанстандағы жағдай нашарлай береді. НАТО әскері шығып барады, жақында талибтер режимді құлатып, қайтадан елді басып алуы мүмкін. Сөйтіп 90-жылдардағыдай қара түнек қайта орнайды. Архитектураның туындыларын жарады, қатындарын сабайды, үйге қамайды, теледидарларды шағады, компьютерлерді өртейді. Оларды бұл түнектен құтқаратын бір ғана дүние бар: олар жаппай оқуы керек, білім алып, елінің неге артта қалғанына ойлану керек. Бірақ олай болмайды. Көпшілік ауған халқының сорына КСРО, АҚШ, НАТО-ны, пуштундар мен түркілер арасындағы этникалық қақтығысты кінәлауы мүмкін. Бір ғана дүниені түсіну керек: Оқымаған ұлт, оқудан бас артқан қоғам отар болады!",- деп жазды. ол. 


Соңғы жаңалықтар