Неге орыстілділер екі тілді білу міндетті емес? Олар да біз секілді бұл елдің азаматтары - Мұхтар Тайжан - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Неге орыстілділер екі тілді білу міндетті емес? Олар да біз секілді бұл елдің азаматтары - Мұхтар Тайжан

Неге орыстілділер екі тілді білу міндетті емес? Олар да біз секілді бұл елдің азаматтары - Мұхтар Тайжан

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан қазақ тіліне қатысты пікірін айтты. Тілге қатысты халықтың ашуы мен наразылығы бүгін емес, бірнеше күн бұрын басталды дейді.

  • 21 Қазан 2022
  • 352
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Мұхтар Тайжанның фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Менің сезуімше, тілге қатысты халықтың ашуы мен наразылығы бүгін емес, бірнеше күн бұрын басталды. Нақты айтқанда халық президент Тоқаевтың мына сөзіне ыза болып қалған секілді.

Неге орыс тілін қолдау үшін Қазақстанның президенті (Ресейдің емес айтпақшы) халықаралық ұйымын құруға шақырады, ал қазақ тіліне келгенде "бұл тақырыпты саясиландырмауымыз керек" деп айтады?

Жалпы, неге президент мырза "адам көп тілдерін меңгерсе жақсы" деп тек қазақтілділерге айтады, неге дәл соны орыстілділерге де айтпайды?

Жалпы, неге біздің елімізде екі тілді білу ол тек қана қазақтілділердің міндеті болып тұр, неге орыстілділер екі тілді білу міндетті емес? Олар да біз секілді бұл елдің азаматтары ғой? Шарт екі топқа бірдей болуы қажет емес пе?

Сұрақ көп, ал Ақорданың идеологтары сол баяғы жартас болып отыр. Жалпы, тілмен ойнамаңдар, жігіттер мен қыздар. Қазақ екі мәселемен ойнауға жол бермейді — ол Жер және Тіл. Естеріңде болсын", деп жазды.


"Өте дұрыс! Әбден қазағымның ызасына тиіп отыр, бұл ойындары жақсылықпен бітпейді", "Дәл айттыңыз қазақ орысқа қазақ тілінде жауап берсе, ұлтшыл, мәдениетсіз боламызда… Орыстар судан ақ, сүттен таза болып шығады", "Еліне жаны ашымайтын билік өзінің мәңгүрт саясатын құрып келеді. Олардың түпкілікті мақсатын ойлаудың өзі қорқынышты!", деп қолдау білдірді оқырмандар.