Неге Таразда айыппұл төлеп, заңды бұза беруге болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Неге Таразда айыппұл төлеп, заңды бұза беруге болады?

Неге Таразда айыппұл төлеп, заңды бұза беруге болады?

Тараз қаласында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде кететін қателіктер – үйреншікті нәрсеге айналып барады. Кәсіпкерлер айыппұл төлеп, әрі қарай жұмысын жалғастыра беруге үйреніп кеткен.

  • 3 Қазан 2017
  • 191
Фото - Caravan.kz

Жуырда Тараздың қалалық соты шешім шығарған болатын. Ол  бойынша, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын әйел жазаға тартылды.

Бизнесвумен , Рахымов көшесіндегі дүкеннің иесі бола тұра жанындағы жерді өзіне ешқандай құжатсыз «заңдастырып» алған. Былай айтқанда, тартып алған.

Сот 30 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінің 30 пайызға қысқартылған түрінде 47 649 теңгеге тұрарлық айыппұл салды.

Кәсіпкер ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодекстың 319 бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Бұл бап бойынша кәсіпкер әйел айыппұлдан бөлек заңсыз салынған дүкенінен айырылуы тиіс болатын. Алайда, бұл келеңсіз жайттан ол оңай құтылды: көрсетілген айыппұлын төлеп, өзінің кәсіпкерлігін жалғастырып отырған.

Айта кететін жайт, қалада жүргіншілерге арналған  жол үстінде, «қызыл сызықпен» белгіленіп тыйым салынған жерлерде ғимараттар әлі де салынуда. Оның айқын мысалы ретінде Абай көшесін бойлай салынып жатқан дүкендер мен кәсіпкерлік ғимараттарды келтіруге болады.


Прокуратурамен анықталған заң бұзушылықтар бойынша шаралар дер кезінде жүзеге асырымағандықтан, қалалық әкімшілік шенеуніктері жазаға тартылды.

Сөйтіп, Тараз қаласында кез келген кәсіпкер айыппұлды уақытында төлеп отырса, ары қарай заңды бұза беруіне жол ашық екен.

ТАРАЗ

Соңғы жаңалықтар