Бұд туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Биылғы негізгі ҰБТ-ға 233 мыңға жуық талапкер қатысып, оларға тестілеуді екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижесімен мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысу мүмкіндігі берілді. Нәтижесінде талапкерлердің 76%-ы шекті балл жинап, гранттар конкурсына қатысу құқығына ие болды.
— ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары — 140 балды Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир мен Қызылорда облысының түлегі Балхан Альфия (ҚАЗТЕСТ нәтижелерін конвертациялау арқылы) иеленді. Сондай-ақ 821 талапкер 130 балдан жоғары нәтиже көрсетті, — делінген хабарламада.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін қажетті жағдайлар жасалып, негізгі ҰБТ-ға 800 адам қатысты.
Қазіргі уақытта Республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Талапкерлердің ҰБТ сертификаттары жеке кабинеттерінде қолжетімді.