Жарияланды: 5100

"Некелерімді санамай, баталарыңызды беріңіздер!": Ақбота Керімбекова қызметке тұруына шымкенттік болуының қатысы жоқ деді

"Некелерімді санамай, баталарыңызды беріңіздер!": Ақбота Керімбекова қызметке тұруына шымкенттік болуының қатысы жоқ деді

Ақбота Керімбекова көптің көкейінде жүрген сұраққа, өзі жазба арнап, жауап берді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

"Қадірлі әнсүйер қауым, аяулы тыңдармандарым, тілеулестерім! Бүгінгі мен жайлы жарияланған жаңалық бірін таңырқатып, бірін жабырқатып, ал, енді бірін шынайы қуандырып жатыр!

Көпті толғандырып отырған осы ақпараттың ақ-қарасын өзімнен білсін деп сіздердің назарларыңызға жазбамды ұсынып отырмын!

Иә, рас, Шымкент қаласының басшылығы, мәдениет саласының жетекшілері аталмыш қызметті ұсынды! Мен бірден келісе салған жоқпын, басқарма басшылығы маған саланың тыныс-тіршілігімен жете танысуға мүмкіндік жасауда! Тап қазір сала жұмыстарына зер салып, Мемлекеттік қызметке орналасу үшін тапсырылуға тиіс тестке дайындық үстіндемін.

Жазбалардан “заң мен құқықтан хабарсыз” деген пікірлерді көзім шалды. Аталмыш тест барлық заңдық және құқықтық нормативтерді қамтиды. Сондықтан, сәл сабыр етіп қояйық!

Жақсы хабардың бәрі алда! Менің басшылық лауазымға қол жеткізуіме ешқандай конситутициялық шектеулер мен заңды құқығымнан айыру шешімдерінің жоқтығын ескерсек, орынбасар қызметіне тағайындалуым жұртты алаңдатпауы керек деп ойлаймын!

Осыған дейін 25 жыл үлкен сахнада жүріп, бүтін басқарма жасайтын жұмыстарды, бүтін құрылым жасайтын есептік концерттерді өзім жасадым! Мүмкіндігім келгенше мамандығыма адал болып, тыңдармандарыма сапалы дүние ұсындым! Соны енді елдік деңгейде мемлекеттік мүмкіндіктерді пайдалана отырып жалғастыратын кез келген секілді!

P.S. Бұл қызмет - маған ұсынылған алғашқы лауазым емес! Бұған дейінгі ұсыныстардан жастығымды, албырттығымды алдыға тарта отырып бас тартқанмын!

Қазір менде бәрі басқаша, көзқарасым да, ойлау-бағалау дәрежем де! Жылдармен бірге пайым-парасатым да жетіліп, кемелдене түсудемін! Менікі “ұялмаған бұйырмағанды алады” емес! Кейбір кісілерге айтарым: некелерімде санамай, баталарыңызды беріңіздер! Сол абзалырақ!

"Бүкіл жұлдыздар Шымкентке көшіп жатыр": Ақбота Керімбекова мәдениет басқармасының орынбасары атанды

Ал тілеулестеріме айтарым: біздің ауылда да бір думан болатын күн жақын! Шымкент - менің өз жұртым, туған жерім! Мені іздеп, сенім артып, шақырғандарына шын қуаныштымын! Шын таланттарды бауырына қайта шақырған Шымкентіміздің бастамасы - ұлы іс! Барлығыңызды жақсы көремін! Жүз шет елден шырайлырақ Шымкент жасай берсін!" - деп жазба қалдырды.

Желі қолданушылары, әріптестері, достары құттықтап тілектерін арнап жатыр.

Еске салсақ, кеше әнші Ақбота Керімбекованың Шымкенттегі мәдениет басқарманың орынбасары атанғаны хабарланды.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін