Неліктен Батырхан Шүкеновтің атына көше берілмей отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Неліктен Батырхан Шүкеновтің атына көше берілмей отыр

Неліктен Батырхан Шүкеновтің атына көше берілмей отыр

Талантты әнші, әрі сазгердің барлық альбомы қайта шығарылады

  • 30 Қараша 2017
  • 277
Фото - Caravan.kz

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы не себепті Қазақстанда әнші әрі сазгер Батырхан Шүкеновтің атына көше берілмей отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Мұндай бастаманы көтеріп отырған қазақстандықтарға мың мәрте алғыс айтамын. Уақыт өте келе сазгерді еске алу кештерін өткіземіз. Заңға сәйкес, қайтыс болған адамның атына бес жылға дейін көше бере алмаймыз және оған арнап ескерткіш орнатуға болмайды. (…) Бізде заң бар және біз сол заңға сәйкес әрекет етуіміз керек. Алдағы уақытта Батырханға арнап ескерткіш қойып, көшелердің бірі мен концерттік ұйымға сол кісінің атын беретінімізге сенімдімін», — дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Мұнымен қатар, ол талантты әнші әрі сазгердің барлық альбомын қайта шығаруды ұсынды.


«Батырхан Шүкенов жазып үлгерген альбомдар мен халыққа таралып үлгермеген әндерін қайта шығаруымыз керек. Батырханның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсы достары көп. Олар мұны меценаттардың көмегімен жүзеге асыруды ұсынды», — дейді Мәдениет және спорт министрі.

Естеріңізге сала кетсек, Батырхан Шүкенов сәуірдің 28-нен 29-на қараған түні көз жұмды. Ал әншімен қоштасу кеші 1 мамыр күні Жамбыл Жабаев атындағы филармонияда өтті. Қазақстандағы барлық қалада жыл сайын әншіні еске алу кештері өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар