Непалдағы жер сілкінісінен хабарсыз кеткен отандастарымыз байланысқа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Непалдағы жер сілкінісінен хабарсыз кеткен отандастарымыз байланысқа шықты

Непалдағы жер сілкінісінен хабарсыз кеткен отандастарымыз байланысқа шықты

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Непалдағы отандастарымыздың  барлығымен байланыс орнатты. Олардың ешқайсысы таулы аймақтағы зілзаладан зардап шекпепті. Кейбірі тіпті өз күштерімен басқа елген кетіп үлгерген екен.

  • 29 Сәуiр 2015
  • 257
Фото - Caravan.kz

Айбек Махамбетов:

-Жер сілкінісі болған сәтте мен ұйықтап жатқан болатынмын. Бөлмедегі заттар еденге құлап, ғимарат шайқалды. Осыдан соң бірден Түркияға жол тарттым. Негізінде менің ұялы телефондарым мен әлеуметтік желідегі парақшаларым қосулы болған. Дипломаттар мені іздемеген сыңайлы.

Қазіргі таңда Непалға аттанған 17 отандасымыз қауіпсіз жерге орналастырылған. Әуежай ашылған сәтте олар бірден шығарылады деген ақпарат таратылды. Ал жер сілкінісінен мерт болғандар саны күн санап артуда. Бүгінге дейін 5000 адамның мәйіті табылған. Бірақ барлық қирандылар тазартылып біткен соң көз жұмғандар саны 10 мыңға жақындауы мүмкін деген болжам бар. Себебі, алыс аудандардағы елді-мекендерге құтқарушылар әлі жетпепті.