Несиеге тәуелділіктің нақты ауқымын жақсы түсіну үшін олар көрші Ресеймен салыстырмалы талдау жүргізіп көрді. Сaravan.kz тілшісі тарқатады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда халықтың банктерден алған несиелерінің жалпы көлемі 20,7 трлн теңгені құрады. Оның ішінде тұтынушылық мақсаттағы қарыздар — 13,8 трлн теңге немесе банк секторы экономиканың барлық салаларына берген несиелердің (36 трлн теңге) 38,3%-ын құрады.
Ал Ресейде 2024 жылдың қорытындысы бойынша халықтың жалпы несиелері — 23,5 трлн рубль (шамамен 117,5 трлн теңге). Оның ішінде кепілсіз тұтынушылық несиелер — 14,1 трлн рубль (70,5 трлн теңге). Осылайша, тұтынушылық несие көлемі Ресейде Қазақстанға қарағанда 5 есе көп. Дегенмен, екі елдің экономикасы әр түрлі болғандықтан, сарапшылар бұл сандарды салыстыру үшін мысалыға келтірді.
2023 жылғы соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда халықтың несие қарызы ЖІӨ-нің 14%-ын құраса, Ресейде бұл көрсеткіш — 19,4%. Яғни, айырмашылық 5,4 пайызды құрайды.
Ресейде 2024 жылдың соңында мұндай несиелердің үлесі — 8,9%, ал 2023 жылы — 7,8% болған. Бір жыл ішінде өсім — 1,1 п.т. Бұл жағдай қаржы нарығы үшін қолайсыз.
Қазақстандағы жағдай әлдеқайда жақсы
2024 жылдың соңына қарай халықтың тұтынушылық несиелері бойынша жалпы кешіктірілген төлемдердің үлесі — 3,9%. Бұл Ресеймен салыстырғанда екі есе аз. Ең маңыздысы, бұл көрсеткіш Қазақстанда барлық мерзімдегі кешіктіруді қамтиды, ал Ресейде тек 90 күннен асқан, яғни аса қауіпті қарыздар есептеледі. Егер тек 90 күннен астам төленбеген көрсеткішін алсақ, онда Қазақстанда бұл үлес бар болғаны — 3,05%. Жылдық өзгеріссіз қалды, ал ұзақмерзімді тенденцияда тіпті жақсарған.
Қазақстанда несие сапасы жоғары
Мұның басты себебі — қатаң іріктеу. Қазір елімізде кез келген адамға несие берілмейді. Реттеуші тараптан енгізілген талаптар мен шектеулерге байланысты банктер несиені тек қаржылық жағдайы жақсы азаматтарға береді. 2024 жылдың IV тоқсанында кепілсіз тұтынушылық несие алуға өтінім бергендердің 70%-ына бас тартқан.
Сарапшылардың пікірінше, Ресейдегі борышкерлердің жағдайы ауыр. 2024 жылы тұтынушылық несиелердің 12%-ы ПДН (төлем жүктемесі) 80%-дан жоғары азаматтарға берілген. Тағы 19% — ПДН 50–80% аралығында. Яғни, жалпы алғанда, 31% несие алушы қазірдің өзінде қарыз тұзағында.
Ресейдегі тұтынушылық несиелеу ауқымы Қазақстанға қарағанда әлдеқайда үлкен. Алайда, Қазақстандағы несие нарығы халықтың қалтасына тым ауыр салмақ салмайды және қаржылық тұрақтылықты бұза қоймайды. Қарыз жүктемесі мен несиелік өтінімдерді мақұлдау деңгейі төмен болғандықтан, бұл салада Қазақстан Ресейден ұтып отыр.