Несиесін жабу үшін баласын сатпақшы - видео - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Несиесін жабу үшін баласын сатпақшы - видео

Несиесін жабу үшін баласын сатпақшы - видео

Әйел өзінің жүкті екенін туысқандары мен бірге тұрып жатқан ағасының білмейтінін айтты.

  • 24 Қыркүйек 2018
  • 18
Фото - Caravan.kz

Отандық бағдарламалардың бірінде қазақстандық әйел несиесін жабу үшін сәбиін сататынын айтып жұртты шошытты. Сондай-ақ, әлі жарық дүние есігін ашып үлгермеген сәбиіне бауыр басып қалғанын да жасырмады.

«Мен ішімдегі баланы еріккеннен біреуге сатайын деп жатқан жоқпын. Мен оған 14 аптаның ішінде бауыр басып қалдым. Бірақ басымда 500 мың несием бар. Оның проценті өсіп жатыр», — деді әйел Жетінші арнаның «Өз ойым» бағдарламасында.
Әрі қарай ол жүкті екенін өзінің ағасынан жасырып жүргенін жеткізді. Алдағы уақытта бұл әрекетін қалай жалғастыратынын білмейтінін де айтып өтті.
«Несие өзіме керек болды. Аздап төлеген едім, банктен қайта-қайта хабарласып жатыр. Өзім туысқан ағаммен бірге тұрамын. Ол аяғым ауыр екенін әзірге білмейді. Үйде ішімді орап алып жүремін», — деді әйел.

Желі қолданушылары бұл оқиғаны естіп ашуланғандарын жарыса жазып жатыр. Арасында әйелді жақтап сөйлегендер де болды.
«Бәріміздің басымызда несие бар. Аяқ қолың мен он екі мүшең сау сияқты. Одан да ақ жолмен ақша табуға тырыс. Алақанымызды жайып Алладан сұрасақ, тынбай еңбек етсек, алдымыздағы қиыншылықтарды жеңіп өтеміз ғой» деп жазды желі қолданушыларының бірі.


                                                                                                                                             Ақпарат көзі: qasym.kz

Соңғы жаңалықтар