Ниццада болған қазақстандық теракт пен оның салдары туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ниццада болған қазақстандық теракт пен оның салдары туралы айтты

Ниццада болған қазақстандық теракт пен оның салдары туралы айтты

Қазақстандың Ілияс Жұмашев теракт болған Ниццаның жай-күйі туралы әңгімеледі.

  • 15 Шiлде 2016
  • 847
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, І.Жұмашев сәрсенбі күні 13 шілдеде достарымен демалуға келген. Пойызбен 1 күнге Италияға барып,  Ниццаға қайтып келген.

«Теракт кезінде мен англиялық жағалауға жақын көшелерде жүрдім. Полицияны, жедел жәрдем көліктерін көріп қонақ үйге асықтым. Менде бәрі дұрыс, Аллаға шүкір. Қазір де Ниццадамын, ертең кешке өзім тұрып жатқан Барселона қаласына ұшамын», — деді ол.

Бүгін кешке Ницца қаласында амеркалық әнші Рианнаның концерті болуы тиіс еді, бірақ жағдайға байланысты концерт болмайды.

«Бүгін таңғы 10 шамасында көшеге шықпай тұрып, қаланың жандана бастағанын балконнан тамашалап едім. Адамдар қыдырып жүр, дәмханалар ашылып жатыр. Қазір англиялық жағалаудың бір бөлігі жабық немесе қарауыл күзетінде болуы мүмкін. Ол жаққа қазір барудың қажеті жоқ», — деп хабарлады І.Жұмашев.

Естеріңізге сала кетейік, шілденің 14-і күні Ницца жағалауында Бастилия қамалын алу күнін тойлау барысында жүк көлігі адамдарды басып-жаншып, кейін көліктен жиылған жұртқа оқ атқан. Шабуыл салдарынан 84 адам қаза тапты, оның ішінде балалар бар, тағы 18-і ауыр жарақат алды, 100-ден астамы жарақаттанды. Франциялық БАҚ жүк көлігінен 31 жастағы Ницца тұрғынының жеке куәлігін тапқанын, оның Франциямен қатар Тунис азаматы болғанын хабарлады. Полиция жүк көлігінің жүргізушісін атып тастады. Күш құрылымдары оның сыбайластарының болғанын не болмағанын анықтап жатыр.


 

Соңғы жаңалықтар