Ниццада қаза тапқан әйел қазақстандық болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ниццада қаза тапқан әйел қазақстандық болуы мүмкін

Ниццада қаза тапқан әйел қазақстандық болуы мүмкін

Ниццадағаы теракті кезінде қаза тапқан Қазақстан тумасы Наталья Отто Антверпенде орыстың діни мектебінде мұғалима болып қызмет еткен.

  • 16 Шiлде 2016
  • 243
Фото - Caravan.kz
 

Бұл туралы Приходтың діни қызметкері Дмитрий Сизоненко мәлім етті.

«Наталья Отто Ниццадағы терактіде қаза тапты. Ол Антверпендегі Приходтың жанындағы мектепте бастауыш сыныптарға орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді», — делі Дмитрий.

«Ол Кеңес одағы ыдыраған соң Қазақстаннан көшіп кеткен. Оның ұлты орыс, алайда Бельгия азаматтығын алмаған, ол — Қазақстан азаматы, — деп атап өтті Дмитрий Сизоненко. — Ол шығармашылық адамы еді, өте сыпайы болатын, интеллигент, Қазақстанда дүниеге келген және осы жерде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, орыс балаларын тәрбиеледі. Біздің діни ұйым үшін бұл орны толмас қаза болды».

Сонымен қатар, ҚазАқпарат тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлағандай, Ниццадағы теракт кезінде ҚР азаматының «ажал құшуы мүмкін» деген ақпарат тексеріліп жатқанын айтты.


«ҚР Сыртқы істер министрлігі Франция билігімен үнемі байланысып тұрады. Қазіргі уақытта олар қаза тапқандардың арасында ҚР азаматы болуы мүмкін деген ақпаратты растамады. Алдын ала болжам бойынша, Ниццадағы теракт құрбандары арасында қазақстандықтар жоқ», — деді телефон бойынша Ә.Жайнақов хабарлады.

Соңғы жаңалықтар