Ниццада Қазақстанның 4 азаматы қаза тапты – ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ниццада Қазақстанның 4 азаматы қаза тапты – ҚР СІМ

Ниццада Қазақстанның 4 азаматы қаза тапты – ҚР СІМ

Ниццада (Франция) орын алған теракті кезінде Қазақстанның 4 азаматы қаза тапты. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

  • 18 Шiлде 2016
  • 234
Фото - Caravan.kz


«Қазақстан азаматтары: Панченко Любовь (1956), Панченко Марина (1983), Панченко Сильвия (2013) мен Отто Наталья (1959) Ниццадағы лаңкестіктің құрбандары болды. Туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтамыз. Қазақстан СІМ қаза болғандардың туыстарына барлық қажет көмекті көрсететін болады», — делінген ҚР СІМ-нің Твиттер арқылы таратқан хабарламасында.
Еске сала кетейік, 14 шілде күні Ниццада орын алған лаңкестіктен соң, сонда болған қазақстандық бір отбасының із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар