Ниццадағы терактіні ДАИШ өз мойнына алды - шетелдік БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ниццадағы терактіні ДАИШ өз мойнына алды - шетелдік БАҚ

Ниццадағы терактіні ДАИШ өз мойнына алды - шетелдік БАҚ

Ниццадағы терактіні ДАИШ өз мойнына алды, - деп хабарлайды "Московский комсомолец" басылымы. 

  • 15 Шiлде 2016
  • 506
Фото - Caravan.kz

Бұл мәліметті DailyMail басылымы да Франциядағы өз дерекөзіне сілтеме жасап хабарлап отыр. "ДАИШ лаңкестері Ниццадағы терактіні өз мойнына алды", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны басып алу Күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген. Жүк көлігінің жүргізушісі өлтірілді. Ниццадағы шабуылдан кейін арнайы операция жүрді. Оқиға орнынан ІІМ басшысы Бернар Казневтің барғаны айтылады. Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл кезінде Авиньонда болған, бірақ ол дереу Парижге оралу туралы шешім қабылдапты. Кейін ҚР СІМ өкілдері теракт кезінде қаза тапқандардың арасындағы қазақстандықтар туралы мәлімет түспегенін хабарлады, алайда бірнеше сағат өткен соң Ниццадағы теракт орнында 
төрт қазақстандық
 болғандығы хабарланды. Сонымен қатар, терактініңсуреттері мен видеолары пайда болды.  Соңғы ақпарат бойынша, террорлық шабуылдан қаза тапқандардың саны 84-ке жеткен және де ауруханада 18 адам ауыр халде жатыр.
 

Соңғы жаңалықтар