Нидерланд ғалымдары антибиотикке балама дәрі ойлап тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нидерланд ғалымдары антибиотикке балама дәрі ойлап тапты

Нидерланд ғалымдары антибиотикке балама дәрі ойлап тапты

Нидерланд ғалымдары антибиотикке балама бола алатын дәрі ойлап тапты. Жаңа препаратты қазіргі антибиотиктерге төзімді бактерияларға қарсы қорғаныс құралы ретінде пайдалануға болады,

  • 7 Қараша 2014
  • 456
Фото - Caravan.kz


деп хабарлайды BBC.
Пациенттерге жасалған алғашқы сынақтар препараттың метициллин-резистентті стафилакок тудыратын қауіпті инфекцияны жеңуге мүмкіндік беретінін көрсетіп берді.
Ғалымдардың бұл жаңалығы Лондонда өткен конференцияда жұртшылық назарына ұсынылды.
Дегенмен ғалымдар емдеудің жаңа әдісінің микроорганизмдердің резистенттілігін қалыптастыра алмайтынын айтады.
Жаңа дәріні жасау барысында ғалымдар эндолизин деп аталатын арнайы ферментті зерттеген. Бұл ферментті вирустар бактерия жасушаларын жою үшін пайдаланады. Табиғи эндолизин ферменттері қазіргі заманғы фармацевтика үшін қиындық тудырып отырған бактерияларды жеңуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың айтуынша, ферменттің емдеуге қажетті тұрақты түрлерін жасап шығу қиынға соғу мүмкін.
Қазір фермент тері ауруларын емдеуге арналған жақпамай түрінде қолданысқа енгізілді. Зерттеушілер болашақта оны таблетка мен инъекцияға арналған ерітінді түрінде шығаруға болады деп үміттенеді.