Нидерланд Корольдігінің елшісі «Нидерланд әлемдік қауымдастықта» атты тақырыпта дәріс оқиды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нидерланд Корольдігінің елшісі «Нидерланд әлемдік қауымдастықта» атты тақырыпта дәріс оқиды

Нидерланд Корольдігінің елшісі «Нидерланд әлемдік қауымдастықта» атты тақырыпта дәріс оқиды

30 мамыр күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстандағы Нидерланд Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Франс Потойт «ЕО және ЕҰУ достастық көпірі» жобасы аясында «Нидерланд әлемдік қауымдастықта» деген тақырыпта дәріс оқиды.

  • 27 Мамыр 2011
  • 568
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты аталған университеттің баспасөз орталығы таратып отыр.

«Оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер мен магистранттар, докторанттар өздерін қызықтырған сауалдарын Елшіге қоюға мүмкіндіктері бар. Ал елшілердің дәрісінен алынған құнды ақпараттар болашақта көптеген ғылыми жұмыстарға арқау бола алады», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, жобаның алғашқы бөлімін салтанатты түрде өткен жылдың 24 қарашасы күні Еу­ро­па Одағының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы Норбер Жустен мырза бастап берген болатын. Бүгінге дейін Латвия, Словакия, Грекия, Испания, Германия, Финляндия, Венгрия, Ұлыбритания, Румыния, Литва, Чехия, Италия және Франция мемлекеттерінің елшілері дәріс оқыды. Алдағы уақытта «ЕО және ЕҰУ достастық көпірі» атты жобаға қатысуға Швеция, Бельгия, Польша мемлекеттерінің елшілері ниеттерін білдіріп отыр. Еуроодақ мемлекеттері құрылысының түрлі салалары бойынша оқитын мәртебелі елшілердің дәрістері оқу жылының соңына дейін (2010-2011) жалғасады.

Соңғы жаңалықтар