Жарияланды: 450

Нидерланды Қазақстанда теңіз институтының филиалын ашады

Нидерланды Қазақстанда теңіз институтының филиалын ашады

Нидерланды Корольдігінің теңіз институты Қазақстанда өз филиалын ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметі.

«…Қазіргі уақытта Нидерландының теңіз институты Батыс Қазақстанда өз филиалын ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр», - деп хабарлайды баспасөз қызметі Нидерланды теңіз институтының өкілі Виббо Хофманға сілтеме жасап. Маастрихтегі мұнай-газ бизнесін дамыту мәселесіне арналған конференцияның қорытындысы бойынша таратылған ақпаратқа сәйкес, мұнайшы-сарапшылардың бағалауынша, Каспий теңізінің қазақстандық секторында қысқы ауа райы жағдайлары арктикалыққа жақын. Голландиялық және канадалық мамандар қазақстандықтардың ауа температурасы +40 до -40 Сдейін өзгеретін Каспий қайраңында мұнай кен орындарын игеру тәжірибесіне қызығушылық танытты. «Ауа райының қатаң жағдайларына қарамастан, голландиялық және басқа да шетелдік компаниялар жұмыстарын жалғастырып жатыр, оның үстіне трансұлттық алыптардың қазақстандық кен орындарындағы белсенділігі артып отырғаны байқалуда», - делінген СІМ ақпаратында. Қатаң климат жағдайларында мұнай-газ бизнесін дамыту Маастрихте 31 мамыр 1 маусым аралығында өтті. Қазақстанға жеке сессия арналды. «Willem Barentsz» теңіз институты Роттердамда орналасқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть