Нигериядағы жарылыстан 32 адам қаза тауып, 80-і жарақаттанды
![]() |
Нигерияның солтүстік-шығысында орналасқан Йола қаласындағы базарда жарылыс болып, салдарынан 32 адам қаза тауып, тағы 80 адам жарақаттанды. |
Жарылыс жергілікті уақыт бойынша кешкі сегізде, базар жабылар сәтте орын алған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың дауысы қаладағы барлық аудандарға естілген.
Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешбір лаңкестік ұйым алмады. Алайда, алдын ала болжам бойынша, бұл оқиғаға «Боко Харам» лаңкестік ұйымының қатысы бар болуы мүмкін, деп жазады Би-Би-Си.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін