"Ninety One" тобының мүшесі шаңырақ көтерді (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ninety One" тобының мүшесі шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

"Ninety One" тобының мүшесі шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

"Ninety One" тобының мүшесі ZAQ кеше ғана шаңырақ көтеріп, дүбірлі той жасады.

  • 21 Шiлде 2022
  • 502
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

ZAQ лақап есімі арқылы танымал Дулат Мұхаметқалиев Жадыра Әбдіжаппарова есімді арумен шаңырақ көтерді. Тойға "Ninety-One" тобының мүшелері, топтың экс-продюсері Ерболат Беделхан, Назима, "EQ" тобының бұрынғы әншісі Ескелді Қуандық және өзге қонақтар болған.

Әлеуметтік желіде тараған видеоларға қарағанда тойға көпшілік қауымды шақырмай, аз ғана қонақтармен өткізген.

Рэп-орындаушының үйленбек түгілі, сүйіктісі барын білмеген көпшілік қауым таң қалуда, дегенмен жастарға бақыт тіледі.

"Үйленіп алдыма не?", "Жаным бақытты болшы", "Жұмыстан шаршап келсем мынадай жаңалық", "Күлейін  бе, жылайын ба, бақытты болсыншы", — деп жылы лебіздерін білдірді желі оқырмандары.


Видео осы сілтемеде: https://www.instagram.com/luvninetyone/?utm_source=ig_embed&ig_rid=21193665-1e7f-471d-8730-bf5a898dc195

Соңғы жаңалықтар