Н.Назарбаев 2018 жылға дейін мұнай өңдеу көлемін 17,5 миллион тоннаға жеткізуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев 2018 жылға дейін мұнай өңдеу көлемін 17,5 миллион тоннаға жеткізуді тапсырды

Н.Назарбаев 2018 жылға дейін мұнай өңдеу көлемін 17,5 миллион тоннаға жеткізуді тапсырды

«Қазақстан 2018 жылға қарай мұнай өңдеу көлемін 17,5 миллион тоннаға жеткізеді,»-деп мәлім етті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

  • 2 Шiлде 2014
  • 447
Фото - Caravan.kz


«2018 жылға дейінгі мұнай-газ секторын дамыту бойынша кешенді жоспар қабылданды. Алға қойылған мақсат бойынша  біз мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеуді 17,5 млн. тоннаға жеткізуге тиіспіз. Осылайша мұнай өңдеу 5 млн. тоннаға ұлғаятын болады. Ал мұнай тасымалдауды 98 млн. тоннаға жеткізу қажет. Сонымен қатар, газ тасымалы да 35 млрд. текше метрге жеткізілуі керек. Бұл экономикамыз үшін өте маңызды көрсеткіштер», — деп атап өтті ҚР Президенті Астанада өткен Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің есебімен танысуы барысында.