Н.Назарбаев 22 мамырда VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев 22 мамырда VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады

Н.Назарбаев 22 мамырда VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады

Ақорда ресми порталы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралардың аңдатпасын жариялады.

  • 19 Мамыр 2015
  • 334
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Президенті 21 мамырда Литваның премьер-министрі Альгирдас Буткявичюсті, сондай-ақ  Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттельді қабылдайды.

Ал 22 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады. Форум «Инфрақұрылым: экономиканың орнықты өсімінің драйвері» тақырыбына арналмақ. Іс-шараға 90 елден 3000-ға жуық саяси, сарапшылық және іскерлік топ өкілдерінің қатысуы жоспарланған.


Сонымен қатар, форум аясында Мемлекет басшысының бірқатар кездесулер өткізуі көзделіп отыр.