Н.Назарбаев: Әлемдік білім ордаларымен терезесі тең орталық елордамыздың төрінде болсын деген арманым орындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев: Әлемдік білім ордаларымен терезесі тең орталық елордамыздың төрінде болсын деген арманым орындалды

Н.Назарбаев: Әлемдік білім ордаларымен терезесі тең орталық елордамыздың төрінде болсын деген арманым орындалды

 

  • 11 Маусым 2016
  • 448
Фото - Caravan.kz

Әлемдік білім ордаларымен терезесі тең орталық елордамыздың төрінде болсын деген арманым орындалды. Бұл туралы бүгін Назарбаев Университеті түлектерінің екінші салтанатты оқу бітіру рәсімінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты деп хабарлайды inform.kz.

«Бүгінгі шара жастарға үлкен өмірдің жолдамасы болса, ұстаздарға өздері еккен білім дәннің жайқала өскенін көретін мерейлі сәт. Мен осыдан 6 жыл бұрын Универсиетті ашқанда әлемдік білім ордаларымен терезесі тең орталық біздің елордамыздың төрінде болсын деп армандадым. Сол арман орындалды. Елорда дүниежүзілік деңгейдегі ғылым және білім орталығы ретінде табысты жұмыс істеп келеді», — деді ҚР Президенті.

Елбасының өз сөзінде былтыр бұл шаңырақтан ең алғашқы мамандықты игерген 446 түлек қанат қақса, биыл 622 жас түлек ұшқалы отырғанын баса айтты.


«Университеттің алғашқы түлектері 25 жылдық мерейлі белеске аяқ басқан Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосып жатыр. Енді сендер де еліміздің өркенді мемлекет болуына еңбек сіңіретін боласыңдар. Сендер дербес мемлекетте дүниеге келген, қарқынды дамушы әлемге сыйлы елде өскен тәуелсіздіктің перзентісіңдер. Алдыңғы буынның абыройлы жолын лайықты жалғастыру өздеріңе жүктеледі», — деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар