Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысады

Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы аптадағы жұмыс кестесінде бірқатар маңызды оқиғалар көзделген. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

  • 10 Қараша 2014
  • 452
Фото - Caravan.kz


Бүгін ҚР Президенті Германия сыртқы істер федералдық министрі Франк-Вальтер Штайнмайерды қабылдайды.

11 қарашада Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысуды жоспарлауда, оның барысында партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру барысы қаралады, сондай-ақ 2015-2025 жылдарға арналған партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бағдарламасы талқыланбақ. 

12 қарашада Астанада Қазақстан Президенті Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвилимен кездеседі. 

14 қарашада Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жаңа үлгідегі әскери қалашығының ашылуына қатысуы күтілуде, заманауи инфрақұрылым Астанада қоғамдық тәртіпті және құқық тәртібін қорғау жөніндегі қызметтік-жауынгерлік міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік бермек. Елбасының онда болуы барысында бір мезгілде 50-ден астам ғимараттар мен құрылыстар пайдалануға берілуі жоспарлануда.