Н.Назарбаев: "Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 96,6 жылға жетті" - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев: "Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 96,6 жылға жетті"

Н.Назарбаев: "Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 96,6 жылға жетті"

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 96,6 жылға жетті,

  • 15 Қараша 2012
  • 744
Фото - Caravan.kz

деді елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазақстандықтар өмірінің ұзақтығы орта есеппен 96,6 жылға жақындады. Соның ішінде әйелдердің өмірінің ұзақтығы 74 жылдан асады», — деді президент бейсенбі күні Статистика агенттігі төрағасы Әлихан Смайыловпен кездесуде.
«Бұл денсаулық сақтау саласының дамып келе жатқанының көрсеткіші және мемлекеттің тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту бағытында атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесі», — деп қосты Н.Назарбаев, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Ә.Смайылов президентке агенттіктің қызметі жайлы баяндап берді.
Елбасы тұтынушыларды қажетті, нақты деректермен қамтамасыз ету үшін еліміздің ұлттық статистика жүйесін халықаралық тәжірибеге сай дамыту керектігін агенттік төрағасына құлаққағыс етті.
Кездесу соңында президент агенттік төрағасына нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар