Н.Назарбаев Тереза Мэйды Ұлыбритания Премьер-министрі болуымен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев Тереза Мэйды Ұлыбритания Премьер-министрі болуымен құттықтады

Н.Назарбаев Тереза Мэйды Ұлыбритания Премьер-министрі болуымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Дэвид Кэмеронға оның Ұлыбритания Премьер-министрі қызметінің аяқталуына байланысты жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабаралайды.

  • 14 Шiлде 2016
  • 374
Фото - Caravan.kz


Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тереза Мэйге оның Ұлыбритания Премьер-министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тереза Мэйді Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтап, екі елдің арасында берік қарым-қатынас орнағанын атап өтті. «Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлауда Қазақстанның кандидатурасын қолдағанын еліміз жоғары бағалайды. Біз екіжақты серіктестікті екі мемлекет халықтарының игілігі жолында дамыта беруге әзірміз», – делінген жеделхатта.