Н.Назарбаевқа «Токай» университетінің Құрметті докторы атағы берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаевқа «Токай» университетінің Құрметті докторы атағы берілді

Н.Назарбаевқа «Токай» университетінің Құрметті докторы атағы берілді

Аталған университетте Елбасы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқитын қазақстандық студенттермен әңгімелесті. ЖОО ұжымы алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті «Токай» университеті мен Назарбаев Университеті арасында қалыптасып үлгерген әріптестік қарым-қатынасқа баса назар аударды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

  • 8 Қараша 2016
  • 483
Фото - Caravan.kz

Жапониядағы ең даңқты университеттің бірі – «Токай». Іргесі 1942 жылы қаланған. Сол уақыттан бері білім ордасы ақылы асқан білімгерлерді дайындап шықты. Олар биік белестер мен асқар асуларды бағындырып, білім ордасының абыройын асқақтата түсті. Қазіргі уақытта оқу орнының АҚШ, Дания, Австрия, Оңтүстік Корея және Таиландта өкілдіктері бар. Және Қазақстандағы Назарбаев Университетімен тығыз байланыс орнатқан. 

— Назарбаев Университеті ашылған тұста біз академикалық байланыс ортаттық. Осы жылы қазақстандық білімгерлер «Токай» университетіне келіп тәжірибе алмасып, үздік оқытушылардан дәріс тыңдады. Сіздердің елдеріңізде де технология саласына ден қойылып отыр. Бізде де бұл сала жанданып жатыр. Сондықтан алдағы уақытта да қатынасты мықтайтынымызға сенемін, деді «Токай» университетінің ректоры Ямада Киеси.

Бұл байланыс ел Президентінің еңбегі деп біледі мұндағы профессорлар. Елбасының елдегі білім саласына бөлген көңілін ерекше құрметтейді. Сол себепті бүгін «Токай» университетінің ректоры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты техника ғылымдарының құрмет докторы белгісімен марапаттады.


Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр