Джон Нэш мінген такси көлігі апатқа ұшыраған. Онымен бірге көлікте болған әйелі де ажал құшты. Жергілікті NJ.com басылымының хабарлауынша, олар қауіпсіздік белдігін тағынбаған.
Айта кетейік, Нэш экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атағын 1994 жылы алды. Оған Нэштің 1949 жылы 21 жасында жазған ойындар теориясы туралы диссертациялық жұмысы лайық деп танылды.