Норвегия үкімет басшысы мамыр айында ресми сапармен Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Норвегия үкімет басшысы мамыр айында ресми сапармен Қазақстанға келеді

Норвегия үкімет басшысы мамыр айында ресми сапармен Қазақстанға келеді

Норвегия үкімет басшысы Кьель-Магне Бондевик мамыр айында ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Сәуiр 2004
  • 372
Фото - Caravan.kz

ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, сапар барысында аймақтық қауіпсіздік проблемасын шешу саласындағы ынтымақтастық, есірткі саудасымен күрес және шекараларды нығайту, индустриялық және инновациялық даму, технологиялар трансферті, шағын және орта бизнесті қолдау, туризм және т.б. салалардағы сауда-инвестициялық ынтымақтастық аясын кеңейту тәрізді кең ауқымды мәселелер топтамасы талқыланады.

Алдағы сапарға орай Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы және Норвегия Корольдігіндегі елшісі Ерлан Ыдырысов Осло қаласында Норвегия үкімет басшысының орынбасары Одд Сатермен және сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік хатшы Ким Тровикпен кездесті. Қазақстандық елші сондай-ақ, мұнай және энергетика, индустрия және сауда, экология министрліктерінің ресми адамдарымен, елді индустрияландыру, инвестиция және туризм саласын дамыту жөніндегі «Innovation Norway», сондай-ақ, мұнай саласын дамыту жөніндегі «Intsok» атты үкіметтік агенттіктер мен «Статойл» мұнай компаниясының өкілдерімен жүздесті.

Соңғы жаңалықтар