Нөсер жаңбыр «Қызылорда-Павлодар» күре жолының учаскесін шайып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нөсер жаңбыр «Қызылорда-Павлодар» күре жолының учаскесін шайып кетті

Нөсер жаңбыр «Қызылорда-Павлодар» күре жолының учаскесін шайып кетті

17 мамырда ауа райының нашарлауына байланысты Қызылорда облысынан Қарағанды облысының шекарасына  дейінгі «Қызылорда-Павлодар» күре  жолының учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды.

  • 18 Мамыр 2015
  • 347
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ІІМ  ТЖК сайтында хабарланды.

Сағат 17:30-дан бастап ауа райының нашарлауына (жаңбыр) және жол төсемесінің  шайылып кетуіне байланысты көліктің барлық түрлері үшін Қызылорда облысынан Жезқазған қаласына дейін (216-424 км «Қызылорда-Павлодар жолы) қозғалыс тоқтатылды.

Сағат 18:30-дан бастап жол төсемесінің шайылып кетуіне байланысты Қызылорда қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейін (12-216 км «Қызылорда-Павлодар жолы) көліктің  барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.