Нөсер жауыннан кейін Алматыда көліктер суда жүзіп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нөсер жауыннан кейін Алматыда көліктер суда жүзіп жүр

Нөсер жауыннан кейін Алматыда көліктер суда жүзіп жүр

Нөсер жауыннан кейін Алматының көшелерін қайтадан су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  26 мамырда түстен кейі

  • 26 Мамыр 2017
  • 543
Фото - Caravan.kz

Нөсер жауыннан кейін Алматының көшелерін қайтадан су басты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

26 мамырда түстен кейін жауған нөсер жауын салдарынан қаладағы көшелерді су алып қалды. Осылайша, Төле би көшесінде су деңгейі 10-15 сантиметр болып тұр. Яссауи мен Өтеген батыр көшелерінде де жағдай осындай.  Жүргізушілердің айтуынша, Достық даңғылынан асқанда Әл-Фараби даңғылы бойында да қозғалыс қиындаған. 

Кей көшелерде бағдаршамдар істен шыққан. Соның ішінде, Абай — Алтынсарин, Абай мен Манас және Жандосов пен Науаи көшелерінің қиылысында бағдаршамдардың істен шығуына байланысты қозғалыс қиындаған. 


 

Соңғы жаңалықтар