"Новый год харам, дедушка мороз баран": Жаңа жылды харам деген оқушы елдің төбе шашын тік тұрғызды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Новый год харам, дедушка мороз баран": Жаңа жылды харам деген оқушы елдің төбе шашын тік тұрғызды (ВИДЕО)

"Новый год харам, дедушка мороз баран": Жаңа жылды харам деген оқушы елдің төбе шашын тік тұрғызды (ВИДЕО)

Желіде жаңа жылды харамға, Аяз атаны қойға теңеген баланың видеосы тарады. 

  • 28 Желтоқсан 2023
  • 3029
Фото - Caravan.kz

Видео mangystau.today парақшасында жарияланған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Новый год харам,

Дедушка мороз баран.

Снегурочка дурочка,

Аяз ата булочка", — дейді аяз атаға тақпақ айтқан бала. 

Видеодан  кішкентай баладан тақпақ сұраған Ақшақардың мұндай діни сипаттағы тақпақтан сасып қалғанын байқауғауға болады. 

"Басқа тақпақ жоқ па, сен бізді мына жерде харам қылып тастадың ғой", — дейді Ақшақар. 

Желі қолданушылары кішкентай баланы "бәлеге" теңеп, оның бұл сөздерін қатаң сынауда. 

"Бала емес, бәле сияқты ғой. Балаша қуанатын кезі ғой, діни фанатизмдердің үйреткені", "Күлкілі ештеңе көріп тұрған жоқпын. Өзгенің мерекесі мен сенімін балағаттаудың не жақсылығы бар", "Бахабистердің баласы", "Бала жас кезде ертегіге сену керек, қызыққа толы болу керек өмірі, ерте харам демей", — деп жазды олар. 

 

Соңғы жаңалықтар