Н.Шариф Қазақстанды қытай-пәкістан көлік жүйесіне қосылуға шақырды
![]() |
Қазақстанның қытай-пәкістан көлік жүйесінің бір бөлігіне айналуын қалаймыз. |
Бүгін Ақордада елімізге сапармен келген Пәкістан Премьер-Министрі Миан Мухаммад Наваз Шариф ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында осылай деді.
«Пәкістан Қазақстанмен және Орталық Азияның барлық елдерімен өз қарым-қатынасын кеңейтуге ниетті. Біз бұл қарым-қатынастарды энергетика, сауда-экорномикалық, көлік салаларын қоса алғанда көптеген бағытта дамытқымыз келеді. Қазақстанды біздердің елдеріміздің Орталық Азия елдеріне және Парсы шығанағының жылы су айдынына шығуға мүмкіндік беретін қытай-пәкістан көлік жүйесінің бір бөлігіне айналуға шақырамыз», - деді Пәкістан Премьер-Министрі.
Сонымен қатар ол барша қазақстандықтарды Қазақ хандығының 550 және ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойларымен құттықтады.
Н.Шариф өз сөзінде Астанаға алғаш рет келіп отырғандығын да атап өтті. «Қала шын мәнінде өте сұлу. Мен Қазақстан Сіздің дана басшылығыңызбен зор әлеуметтік экономикалық жетістікке жетті деп санаймын», деді ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін