Жарияланды: 460

"Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының Астана қалалық филиалы мен Орталық аймақтық көлік прокуратурасы жемқорлыққа қарсы күрестегі әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды

Астана. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Елордасында "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының Астана қалалық филиалы мен Орталық аймақтық көлік прокуратурасы жемқорлыққа және басқа да заңсыздықтарға қарсы күресте әріптестік орнату жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Құжатта "Нұр Отан" партиясымен прокуратура тексерістерін бірігіп өткізу және жасалып жатқан жұмыстардың жариялылығын қамтамасыз ету келісілген. "Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуден бөлек, елдегі көлік саласында қолдан билет тапшылығын туғызып, алыпсатарлықты өршітіп отырған келеңсіз оқиғаларды жоюға күш саламыз. Сондай-ақ тасымалдаушы көліктердің қауіпсіздік деңгейін тексеру де жоспарда бар", деп атап көрсетті партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Павел Казанцев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін