«Елбасы бізбен кеңесті, конституциялық өзгерістерге байланысты өз ойымен бөлісті, болашаққа негіз салды және тұжырымдаманы айтып берді», — деді Ә. Жолшыбеков. «Бүгінгі кездесуге қатысқан депутаттардың барлығы түгелімен біздің мемлекетіміздің Ата Заңын өзгертуге байланысты тұжырымдаманы қолдайды. Депутаттар парламент палаталарының бірлескен отырысында да қолдайды деп ойлаймын», — деп атап өтті Ә. Жолшыбеков.
«Біздің президенттік басқару үлгісіндегі мемлекетіміз ресми түрде президенттік басқару сақталып отырғанымен біртіндеп президенттік-парламенттік басқару үлгісіндегі мемлекетке айналып бара жатыр», — деді депутат. «Негізінен алғанда Конституциялық кеңес, Орталық сайлау комиссиясы, Есеп комитеті және Жоғарғы сот кеңесіндегі лауазымдарға тағайындаған кездерде парламент пен саяси партиялардың маңызы күрт өсіп отыр», — деді Ә. Жолшыбеков. Ол сондай-ақ, «демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның берген кеңесіне сәйкес депутаттар санын ұлғайту қарастырылып жатқанын» атап өтті.
«Сонымен қатар, сот жүйесінде, құқық қорғау органдарында өзгерістер күтіліп отыр. Жергілікті өзін-өзі басқару түбегейлі өзгереді және жақсарады. Одан өзге, қолданыстағы Конституциядан нақты бір заңда көрсетуге болатын жерлерін алып тастау көзделіп отыр. Яғни, Конституцияны біздің өміріміздегі басы артық сипаттамаларынан босату», — деп сөзін қорытындылады Ә. Жолшыбеков.
Сенатор Анатолий Башмаков атап өткендей, «Конституцияға өзгерістерді екі оқылымда қарау жоспарланып отыр».
«Президент бұдан әрі де өзіндік, қазақстандық үлгісін тек экономикалық жүйеде ғана емес, сондай-ақ қоғамдық орта, яғни саяси және әлеуметтік институттар салаларында құруға және жасауға ниетті», — деп атап өтті сенат депутаты.
«Бұл республикада басқару түрі бойынша президенттіктен парламенттің үлкен өкілеттігі бар президенттік-парламенттікке өту жолында зор қадам болмақ. Менің ойымша, бұл Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына кіру мақсатын іске асыруда маңызды жол», — деп сөзін қорытындылады сенатор Анатолий Башмаков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті