«Нұр Отан» мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылауға алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нұр Отан» мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылауға алмақ

«Нұр Отан» мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылауға алмақ

Биыл «Нұр Отан» партиясы Президент тапсырмалары мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылауға басымдық бермек.

  • 19 Қаңтар 2017
  • 366
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед саяси ұйымның құрылымдық бөлімдері және облыстық филиалдарының басшыларымен кеңейтілген жиналысында мәлімдеді.

Бірінші орынбасар Әдеп кодексін бұзғандардың қатаң жазаланатынын да атап өтті. Сондықтан партияның қатарына кіретін және барлық деңгейдегі депутаттық мандатқа үміткерлерді іріктеу талаптарын қатаңдатуды тапсырды. Жалпы өткен жылы партия қоғамдық маңызы бар 3840 шара өткізіп, 400 мыңнан астам тұрғынды қабылдаған. Бұдан  бөлек, Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мен агроөндірістік кешенді дамыту, азық-түлікпен қамтамасыз ету және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, партия өкілдері «Нұр Отанның» сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылап, жүйелі мониторинг жасауға міндетті.

 

Соңғы жаңалықтар