"Нұр Отан" партиясы анықтаған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басым бөлігін мектеп және интернат директорлары жасаған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нұр Отан" партиясы анықтаған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басым бөлігін мектеп және интернат директорлары жасаған

"Нұр Отан" партиясы анықтаған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басым бөлігін мектеп және интернат директорлары жасаған

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" партиясы анықтаған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басым бөлігін мектеп және интернат директорлары жасаған. Бұл туралы бүгін өткен брифингте "Нұр Отан" ХДП партиясының сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 484
Фото - Caravan.kz

«Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басым бөлігін орта білім беру мектептері мен интернат директорлары жасаған. Ондай интернаттың саны 23 асады», — деді О. Әбдікәрімов. Ол атап өткеніндей, жеті сыбайлас жемқорлық қылмысты жеті әкім жасаған, олардың алтауы ауылдық округ әкімдері.

О. Әбдікәрімов еске салғанындай биылғы жылдың екі айында 218 адамға қатысты 332 қылмыстық іс қозғалды, оның 68 «Нұр Отан» партиясының өкілдері болып шықты. «Нұр Отан» партиясы 11 сәуірде өткен қоғамдық кеңесінің отырысында сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтар бойынша қозғалған қылмыстарға қатысы бар адамдарды өздерінің қатарынан шығаратынын мәлімдеді.

«Партияның аймақтық бөлімшелерінде тиісті тексерулер мен талқылаулар өткізілгеннен кейін көрсетілген 68 адамның 59 партия қатарынан шығарылды «, — деді бүгін О. Әбдікәрімов. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша күдікті деп танылғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті