Нұрдәулет Шертім басшылық қызметке тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрдәулет Шертім басшылық қызметке тағайындалды

Нұрдәулет Шертім басшылық қызметке тағайындалды

 

  • 11 Шiлде 2019
  • 258
Фото - Caravan.kz

"Казахи" көңілді тапқырлар клубы командасының мүшесі Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясы жаппай спортты дамыту және қоғаммен байланыс директоры қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

Нұрдәулет Шертім жаңа қызметке тағайындалуына қуанышты екенін және осы спорт түрін дамытуға барын салатынын жасырмады. 

"Менің жұмысым осы спорт түрін дамыту және қазақстандықтар үшін осы жекпе-жектің маңызды оқиғалары туралы ақпарат беру. Бұл қауіпсіз спорт түрі. Жастардың жаман іспен айналыспағаны дұрыс, спортпен шұғылдану қажет", — деді ол.

"Казахи" көңілді тапқырлар клубы командасының мүшесі өзі де спортпен шұғылданатынын айтты. Ол бокс, самбо, күрес және панкратионмен айналысады екен. 


Оның осы қызметке тағайындалуымен Тobet top team жекпе-жек академиясының өкілдері әлеуметтік желіде құттықтады. 
 

Соңғы жаңалықтар