Нұрлан Өнербаевтың інісі Текелі қаласына әкім болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрлан Өнербаевтың інісі Текелі қаласына әкім болды

Нұрлан Өнербаевтың інісі Текелі қаласына әкім болды

Алматы облысындағы Текелі қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметке осы уақытқа дейін облыс әкімінің орынбасары болған 59 жастағы Бақтияр Өнербаев келді.

  • 9 Қараша 2016
  • 2212
Фото - Caravan.kz

Ресми мәлімет бойынша, ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты орнын босатқан. Ал Tengrinews.kz-тің жазуынша, Бақтияр Әлтайұлы Қаскелеңдегі перзентханада жаңадан туылған екі нәрестенің өліміне қатысты дау-дамайдан кейін қызметтен кеткен көрінеді. Бұл рас болуы мүмкін. Өйткені Өнербаев Алматы облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болды.

Айта кетейік Текелі қаласының жаңа әкімі — белгілі әнші Нұрлан Өнербаевтың туған інісі. Өзі әлеуметтік желілерде белсенділік танытады. Ол бүгін ғана Фейсбуктегі парақшасына "Бұйыртса, Алматы облысында жаңа қызметтегі жұмысты ары қарай жалғастыруға дайынмын! Әріптестеріме және желідегі достарыма алғыс білдіремін!" деп жазыпты.


Бақтияр Өнербаев. Фейсбукке бүгін салған суреті
Бақтияр Өнербаев. Фейсбукке бүгін салған суреті

Ал Алматы облысы әкімінің орынбасары болып 36 жастағы Жақсылық Омар тағайындалды. Ол бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған. 

Жақсылық ОмарЖақсылық Омар
Соңғы жаңалықтар