Нұрлан Қоянбаев президент болуды армандайды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.41
  • 477.78
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрлан Қоянбаев президент болуды армандайды

Нұрлан Қоянбаев президент болуды армандайды

Белгілі әртіс, "Түнгі студия" шоуының жүргізушісі Нұрлан Қоянбаевтың түпкілікті арманы - президент болу. Ол осы үлкен мақсат жолында көп әрекеттеніп келіпті. Және өзінің өте ұлтжанды екенін айтқан.

  • 26 Шiлде 2017
  • 1187
Фото - Caravan.kz

Нұрлан Қоянбаев 1999 жылы "Жас Алаш" газетінің "Студент" қосымшасына солай деп сұхбат беріпті. Бұл сөзімізге дәлел ретінде сұхбаттан шағын ғана үзінді келтірсек, жетіп жатыр. 

– Тарих факультетін тәмамдаған соң бойыңдағы қабілетіңді әрі қарай дамыту үшін театр институтына баратын шығарсың?
– Жоқ, өкінішке қарай, олай болмай тұр: ендігі кезекте заң-құқық білімімен «қарулансам ба» деймін. Өйткені менің түпкілікті мақсатым президент болу ғой. Қазіргі ісімнің бәрі сол үлкен мақсат жолындағы әрекет болып табылады. Осы күндегі басты арманым – қазақ жастарын ортақ мүддеге топтастыру, олардың өз Отанына, халқына деген сүйіспеншілігін ояту. Мен өте-мөте ұлтжанды жігітпін. Маған бір мұжықтың кемпірі «сен ұлтшылсың» деген-ді. Ұлтым үшін қажет болса, мен мұндай айыптаулы атақтан да бас тартпас едім.
– Үлкен саясатқа қашан араласасың?


– 15 жылдан кейін. Сол кезде мен 35 жаста боламын. 

Соңғы жаңалықтар